Қалалық әкімшілік таратқан ақпаратқа қарағанда, қаскүнемдер наградалар мен олардың куәліктері сақталған бөлменің құлпын бұзып кірген. Сәл кейінірек көршілес бөлмеден және баспалдақтан ұрланған заттардың бір бөлігі табылған.
Осыдан шенеуніктер милицияға арызданып, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қандай наградалардың жоғалғандығын анықтау үшін мұрағат деректерімен салыстырып тексеру жүргізуде.