Hromadske телеарнасына милиция ведомствосының баспасөз хатшысы Ольга Билык хабарлағандай, Кәсіподақ үйінде болған жарылыс салдарынан бір адам жарақаттанған. Ол бұдан өзге егжей-тегжейлі ештеңе айтпады, себебі оқиға орнына тергеу тобы жіберілмеген.
Жарылыс оппозицияның бақылауындағы ғимараттың бесінші қабатында болған. Үйдің бұл бөлігінде «Оң сектор» радикалды ұйымының штаб-пәтері орналасқан. Жарылыс жандырғыш қоспасы бар бөтелкені дайындау кезінде орын алған болуы мүмкін, деген болжам келтіріліп отыр. «Оң сектор» жарылыс туралы хабарламаны жоққа шығаруда.
Жарылысқа дейін екі сағат бұрын Еуромайдан белсендісі Анатолий Ведмидь журналистерге Нежалености майданында таңертең жарылғыш зат табылғанын мәлімдеді. Алайда, оны оппозиция лагеріне кім әкелгендігін айтпады.