деп хабарлайды ҚазАқпаратҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың жұмыстарына Сенат Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысуда.
Парламенттік іс-шараларға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко да атсалысуда.
Еуропалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған отырыста қазақстандық делегацияның басшысы сөз сөйлейді деп күтілуде.
Сапар аясында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының парламенттік делегациялар басшыларымен екіжақты кездесулері жоспарланған.