Киевте Еуро-2012 матчына жалған билеттер сатудың алғашқы фактілері тіркелді

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Киевте Еуро-2012 матчына жалған билеттер сатудың бірнеше дерегі тіркелді.

Осыған орай Украина ішкі істер министрлігі азаматтарды алыпсатарлардың қолынан билет сатып алмауға шақырады, деп хабарлады «Маяк» радиосы.

Атап айтқанда, өткен жұма күні Украина астанасының аудандық ішкі істер басқармасына Грузия азаматы өзіне «футбол матчтарына арналған жалған билетті» сатқандығы турасында арыз берген. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары билет сатқан азаматты іздестіру үстінде.