Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған клуб Жамбыл Жабаев атындағы қоғамдық кітапхананың жанынан ашылып отыр. Ал ондағы сабақтар қазақ диаспорасы өкілдерінің балалары үшін өткізіледі. Курс бағдарламасында қазақ тілінің грамматикасы мен лексикасы, сондай-ақ қазақ халқының ұлы ойшылдарының еңбектерімен таныстыру сабақтары көзделген. Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасы, экономикасы мен қоғамдық-саяси өміріне қатысты арнайы дәрістерді өткізу де жоспарда бар.
Клубтың ашылу салтанатына қатысқан қазақ диаспорасының өкілдері туған тілдерінің шет елде үйренуге берілген мүмкіндік үшін өз алғыстарын білдірді.