«2020 жылдың 20 шілдесінде Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев пен Украинаның Экономика, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту министрі Игорь Петрашконың кездесуі өтті. Олар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыруға және көлік дәліздерін дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Украина бірлескен мемлекетаралық комиссиясының және Тауар айналымын арттыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына белсенді дайындықты бастауға уағдаласты. Осы іс-шаралар қарсаңында Киевте Қазақстан - Украина бизнес-форумы ұйымдастырылады», - деп хабарлады Украинадағы Қазақстан елшілігі.