"Украинская правда" басшысы Алена Притулаға тиесілі автокөлік Киев орталығындағы Богдан Хмельницкий және Иван Франк көшелерінің қиылысында жарылған.
Полиция мәлімдемесі әлі жарияланбады.
Соңғы 10 жыл бойы 44 жастағы Павел Шеремет Киевте тұрып келді. 2012 жылдан бастап, "Украинская правдамен" бірге жұмыс істей бастады. Ал 2015 жылдың қыркүйегінен бері "Радио Вестиде" авторлық бағдарламасын жүргізді.
Украинаға көшкенше, Шеремет «Бірінші арнада» жұмыс істеді. "Время" күнделікті сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі болды. 2008 жылы телевизиядан кетіп, "Огонёк" журналында саясат және қоғам бөлімінің редакторы болды.