Киевте ҚР Премьер-Министрі мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі кездесті

None
КИЕВ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Киевте ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джеймс Джонстың кездесуі болды.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, тараптар Ауғанстандағы жанжалды реттеу проблемаларын, сондай-ақ 2010 жылы өтетін ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сұхбаттасушылар екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға деген сенімдерін білдірді.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Украинаның жаңа сайланған президенті Виктор Януковичті ұлықтау салтанатына қатысу үшін Киевке бейсенбі күні, ақпанның 25-інде келгенін естеріңізге саламыз.