Киевте журналист өлтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Киевтегі жағдай туралы материал жазып жүрген Украинаның «Вести» газетінің тілші Вячеслав Веремийдің сол жерде қаза тапқаны жайлы хабарланды. Бұл туралы РБК жазады.

Веремий жүргізген көлікке біреулер ішінде тұтанғыш қоспасы бар бөтелкелер лақтырған. Одан кейін журналисті көлігінен алып шығып ұрып, атып тастаған.

Вячеслав Веремий ауруынан ұзақ емделіп болған соң 18 ақпан күні ғана жұмысқа шыққан. Бұдан бұрын, қаңтар айында ол Грушевский көшесінде болған милиция мен оппозицияның қақтығысы жөнінде материал жасау үшін дерек жинаған кезінде көзін жарақаттап алған еді.

Веремий - Киевте қаза тапқан алғашқы журналист. Жақында Reuters агенттігінің тілшісі жанында жарылған гранаттан жарақат алған еді.