Бұл Украинаның денсаулық сақтау министрлігі берген соңғы деректер.
Көз жұмғандардың арасында 9 милиция, ішкі әскер жауынгерлері және МАИ қызметкерлері бар. Соңғы екеуін түнде белгісіз біреулер атып кетті.
Қаза тапқандар мен жарақаттанғандар туралы алдын ала ақпарат. Киев көшелерінде табылған адам мүрделері туралы ақпарат сағат сайын шығып жатыр.
Жапа шеккендердің көбі оқ тию салдарынан жараланған. Қос тарап қаруды қолданғандары үшін бір-бірін кінәлауда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Киевтегі тәртіпсіздіктер барысында 5 журналист зардап шеккен болатын. Сондай-ақ Киевтегі жағдай туралы материал жазып жүрген Украинаның «Вести» газетінің тілші Вячеслав Веремийдің сол жерде қаза тапқан. Осыған орай, қаза тапқандарға байланысты 20 ақпан Украинада аза тұту күні болып жарияланды.