Киевтегі қақтығыстарда мерт болғандардың саны 75 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина астанасындағы қақтығыстар құрбандарының саны 75 адамға дейін өсті, деп хабарлады Росбалт.

Бұл туралы Украина денсаулық сақтау министрлігі мәлім еткен.

Барлығы 571 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінді, олардың 363-і ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 76 адам ауыр халде, деп атап өткен ведомство.

Бұдан бұрын 67 адамның қаза болғаны хабарланған болатын.

Белгілі болғандай, бейсенбі күні таңертең украин милиционерлері Киевтегі Тәуелсіздік алаңында қарусыз әріптестерінің кетуіне мүмкіндік беруі үшін қару қолданды. Бұл туралы Украина ІІМ-нің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланған.

Ведомство ішкі істер қызметкерлерін мергендер мен радикалдар атты деген хабар таратты.

Еске сала кетейік, 20 ақпанда таңертеңгі сағат 9-да Майдандағы қарсылық білдірушілерге оқ жаудыру басталды.