Оның атап өтуінше, наразылық шаралары барысында Грушевский көшесіндегі бірқатар ғимараттар өртеніп, Ғашықтар көпірі, Мариин және қалалық саябақтарындағы ағаштар отқа оранған.
Бұдан бөлек, негізінен наразылық акциялары өткен көшелердегі жол жабындылары толығымен жойылған. Оларды «Бүркіт» бөлімшесіне қарсылық таныту барысында шерушілер бүлдірген.
«Барынша оптимистік болжамдарға сәйкес қаланы қалпына келтіруге бірнеше апта уақыт керек. Ал алдағы уақытта қаланың залал шеккен мәдени нысандарын бағалау міндеті тұр», - деді А.Голубченко.