Киевтегі тәртіпсіздіктер барысында 5 журналист зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Киевтегі тәртіпсіздіктер барысында 5 журналист зардап шекті, деп хабарлады Украинаның денсаулық сақтау министрлігінен.

Бұған дейін «Вести» газетінің тілшісі қаза болғандығы жария етілген еді.

«Денсаулық сақтау мекемелеріне жатқызылғандардың арасына 79 құқық қорғау органының қызметкері, 5 журналист, 1 депутат және 18 жасқа толмаған 3 жасөспірім бар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік жалпы 351 адамның зардап шеккенін, 25 адамның мерт болғанын да жария етіп отыр.