Киевтік «Динамоның» бұрынғы футболшысы Андрей Гусин қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Киевтік «Динамо» құрамындағы Украинаның 7 дүркін чемпионы Андрей Гусин Киев түбіндегі Чайки ауылындағы «Чайка» автодромында мертігіп, қаза тапты, деп хабарлады ВВС.

41 жастағы Гусин мотоцикл айдап келе жатқанда бұрылыстардың бірінде құлап, есін жимастан көз жұмған. Украина құрама командасының қатарында жартылай қорғаушы болған ол 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. Мұнда украиналықтар ширек финалға дейін жеткен еді.