Киікті қорғау: Тағы бір инспектор браконьер қолынан мерт болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында браконьерлермен күрескен табиғатты қорғау инспекторы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Державинск қаласының аудандық ауруханасына жеткізілген «Охотзоопром «ӨБ»РМҚК инспекторы оқ жарақатынан қайтыс болды. Екінші инспекторға сол ауруханадаота жасалып жатыр», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемікомитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Айта кетейік, инспекторлар Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғаттықорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік атуфактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанайоблысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірібелгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған.

Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр.

Еске сала кетсек, жыл басында Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындакиік атқан браконьерлер екі инспекторды жаралаған еді. Ауыр жарақат алған ЕрланНұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар