Комитеттің баспасөз хатшысы Ділдахмет Сәкеннің айтуынша, 31 қаңтарда сағат 19:20 шамасында РМҚК «Охотзоопром» ӨБ» Орталық өңірлік филиалының инспекторлары мен Жезқазған ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау бөлімінің қызметкерлері бірлескен қорғау жұмыстары барысында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты аумақта « Toyota Land Cruiser 100» маркалы мемлекетік нөмірі 115 AYA 11 автокөлікте Қызылорда қаласының үш азаматын құрықтаған.
«Автокөлікті тексеру барысында 10 бас киік тушасын (2 аталығы мен 8 бас аналығы) табылды. Оқиға болған жерге Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылды», - дейді Ділдахмет Сәкен.
Бастапқы мәлімет бойынша табиғатқа 9 139 000 теңге зазал келтірілген.