«Ұйқы мен тамақтың дұрыс болуы — футболшылар үшін өте маңызды. Сосын бұл жақтың жергілікті уақыты мен климатына бейімделуіміз керек. Оның үстіне Алматыда қыс қатты суық емес екен. Бұл ретте айта кетейін, біз — үлкен клубтардың біріміз. Сондықтан ертеңге ойында жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді жаттықтырушы.
Сонымен қатар бас бапкер Қазақстанда ішкі біріншіліктің аяқталғанын, елордалық клубтың бар күшті Конференция лигасына жұмсайтынын атап өтті.
«Астана» — қиын қарсылас. Онымен қоса Қазақстанда ішкі чемпионат әлдеқашан аяқталды. Олар енді Конференция лигасында көп ұпай алуды көздейді. Өйткені қазақстындық клубқа плей-офф кезеңіне шығуға әлі де мүмкіндік бар», - деді Руи Борхес.
Айта кетейік, «Астана» мен португалиялық «Витория» арасындағы ойын 28 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.