ҚИК жарғылық капиталы «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының аясында тағы 5,5 млрд. теңгеге ұлғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ жарғылық капиталы 5,5 млрд. теңгеге ұлғайды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

2014 жылдың қаңтарында ҚИК жарғылық капиталы 8,7 млрд. теңгеге ұлғайды. Оған 5,5 млрд. теңге қосылып, жалпы сома 14,2 млрд. теңгені құрады. Ол компанияға 2014 жылы «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының аясында құрылыс пен жалға беру баспаналарын алу үшін қажет, деп жазылған хабарламада.

Капиталдандыру мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілген. ҚИК-тің жарғылық капиталы сатып алынған акциялармен қоса есептегенде, 55,5 млрд. теңгені құрайды.

ҚИК «Бәтерек» компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. Компания «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы аясында жалға алу баспанасын сатып алу құқығы бағыты бойынша Алматы, Шымкент, Павлодар және Қарағанды қалаларында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландыруды іске асырады. Сонымен бірге, Астана, Ақтөбе, Орал, Петропавл және Қостанай қалаларында тұрғын үйлер құрылысының келісімшарттарына қол қоайылды.