АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хоргос қаласында кикбокстың К-1 түрі бойынша Қазақстан-Қытай арасындағы жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі ел спортшылары арасында өтетін сайыс 8 сәуірге жоспарланған.
Бұл сында Қазақстан намысын Астана қаласының «Tobet top team» спорт клубы қорғайтын болады. Сайыста алты жұп өзара кім мықтыны анықтайды. Жекпе-жектерді Қытайлық жергілікті арналарының бірі көрсетеді.
Қазақ елі атынан 60 келіде Ерқанат Оспанов, 63 келіде Иван Добрынин мен Аслан Ораз сынға түссе, 65 келі салмақта Алихан Оздоев, 70 келіде Рүстем Ақжанов және 80 келіде Сұлтан Қиялов ел намысын қорғайды.
Негізгі жекпе-жек Рүстем Ақжанов мен Қытай спортшысы арасында болмақ.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.