Кикбокстан өткен «Қызылжар» Х халықаралық фестивалінде солтүстікқазақстандықтар алты медальді жеңіп алды
16:20, 21 Желтоқсан 2009
ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кикбокстан өткен «Қызылжар» Х халықаралық фестивалінде солтүстікқазақстандықтар алты медальді жеңіп алды.
Петропавлда өткен биылғы фестиваль Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналды. Жарыстар төрт салмақ санаты бойынша өтіп, онда 12 награда сарапқа салынды. Петропавлдық үш кикбоксшы үш салмақ санатында үш алтынға ие болды. Олар - 57, 67 және 75 киләға дейінгі салмақ санаттарында өнер көрсеткен Жұбай Ахметов, Самат Қыдырбеков және Азамат Нұрпейісов.
Алаң иелерінің қоржынына үш алтынмен қоса, тағы бір күміс және екі қола награда салынды.