«Дәулет» спорт сарайында болатын бұл жарыста спортшылар жас ерекшелігіне қарай 8 топқа бөлініп өзара сайысқа түспек. Атап айтқанда 10-11 жастағы (30, 35, 40, 40), 12-13 жастағы (35, 40, 50, 50), 14-15 жастағы (45, 50, 55, 55), 16-17 жастағы (55, 60, 65, 65) және 18 жастан жоғарғы ерлер (60, 70, 80, 80) 4 салмақ дәрежелері бойынша сайысқа түседі. Ал 14-15 жастағы (50, 50), 16-17 жастағы (55, 55) және 18 жастан жоғары қыздар (60, 60) екі салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубокпен, медальмен және дипломмен марапатталады. Сондай-ақ ерекше көзге түскен спортшыларға «Үздік техникасы» мен «Самұрайлық рухы үшін» арнайы жүлделері беріледі.