Килиан Мбаппе «Алтын допқа» қай футболшыны лайық көретінін айтты

Францияның «Пари Сен-Жермен» командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе «Алтын допты» «Интер Майами» клубының аргентиналық футболшысы Лионель Месси алуы тиіс деп санайды. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: championat.com

“Алтын доп” сауалнамасында Лео Мессиге дауыс беремін. Жекелей алғанда, ол жылдың ең үздік ойыншысы болды және бұл марапатқа лайық”, - деп келтірді X Football әлеуметтік желіде Мбаппенің сөзін.

Лионель Месси жазғы трансферде «Интер Майамиге» ауысты. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады. Осы маусымда футболшы барлық турнирлерде 12 матчқа қатысып, 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Мбаппе осы маусымда “ПСЖ” сапында барлық турнирлерде сегіз матч өткізіп, сегіз гол соқты.