ҚР ҰОК мәліметінше, ауқымды халықаралық турнирде ел намысын төрт спортшы қорғайды.
Жүлде үшін Артём Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бақ сынайды.
Әлем кубогының кезеңі 23 мамырда басталады.
Айта кетейік, қылышпен семсерлесу спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Руслан Курбанов Колумбия астанасы Богота қаласында өткен Гран-при турнирінде екінші орын алды.