Бұл туралы «Солтүстік Кореяға арналған ашық радиосына» сілтеме жасап «Маяк» радиосы хабарлады.
Бұл ақпаратқа сәйкес, Вонсан қаласына жасаған сапары кезінде Солтүстік Корея басшысы «егер АҚШ диалог орнатудың орнына, санкцияларды күшейтсе, үшінші және қуатты ядролық сынақтың өткізілуіне дайын болуға» жергілікті партия жетекшілерін шақырды. Ресми Сеул бұл хабарламаға әзірге ешқандай түсіндірме берген жоқ.