деп хабарлайды Associated Press агенттігі солтүстіккорейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Ким Чен Ир бұл шешімді АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтонның Солтүстік Кореяға сапары кезінде қабылдады. Бұған дейін хабарланғандай, бейресми мәліметтер бойынша, Б.Клинтонның Пхеньянға сапарының негізгі мақсаты журналистерді босату жөніндегі келіссөз өткізу болған.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Корея Халық Демократиялық Республикасының өкіметі Қытаймен шекарада ұсталған американдық журналистер Юн Ли мен Лору Лингті солтүстіккорей ұлтына қарсы «ауыр қылмыстар» жасағаны және ел шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, оларды 12 жылға түзету жұмыстарына кескен болатын. Калифорниялық Current TV телекомпаниясына жұмыс істейтін журналист қыздарды солтүстіккорейлік шекарашылар Қытай мен Корея Халық Демократиялық Республикасының шекарасында ағымдағы жылы наурыздың 16-сында ұстаған болатын.