Қытай өкіметі Ким Чен Ирдің сапары туралы фактіні жасырып отыр. Ким Чен Ир сырт елдерге сирек сапар жасайды. Оның Қытайға соңғы сапары 2006 жылы өткен болатын. Оның ресми сапарлары туралы, әдетте, сапар аяқталғаннан кейін хабарланады.
Көптеген сарапшылар, Солтүстік Корея өзінің соңғы одақтасы болып қалып отырған Қытайдан қаржылай көмекке мұқтаж, деп пайымдайды