Ким Чен Ир Корея Халық Демократиялық Республикасының басшысы болып қайта сайланды

ПХЕНЬЯН. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат – Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ир елдегі ең жоғарғы мемлекеттік лауазым Корея Халық Демократиялық Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы қызметіне қайта сайланды.

Бүгін Пхеньянда ел парламентінің жыл сайынғы сессиясы ашылады. Солтүстіккорейлік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша 2008 жылдың тамыз айында инсульт алған Ким Чен Ир осынау жиынға қатысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Бақылаушылардың 67 жастағы Ким Чен Ирдің мемлекет басшылығына қайта сайланатынына еш күмәні болмаған. Солтүстік Корея басшысы денсаулығына қатысты проблемалар мен жоғары жақтағылардың арасындағы билік үшін талас туралы әңгімелерге қарамастан, елді бұрынғысынша мығым басқарып отырғанын соңғы айларда көрсете алды.