деп мәлім етті Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ир. Бұл туралы Associated Press агенттігі қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.
Ким Чен Ир бұл мәлімдемені Солтүстік Кореяда сапармен жүрген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэн Цзябаомен болған кездесу барысында жасады.
Қытай Солтүстік Кореяның ең жақын одақтасы және көбіне үндемей құтылатын корейлік мемлекеттің іс жүзіндегі басшысы болып табылады. Сондықтан да, Бейжің қаласа, солтүстіккорейлік режімді алтыжақты келіссөзге қайтара алады, деп сенеді Батыс елдері.
Кореяның ядролық бағдарламасы жөніндегі алтыжақты келіссөзге АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай және қос Корея елі қатысады.