Ал осыдан бір күн бұрын Ким Чен Унға армия генералы атағы берілген болатын. Еңбек партиясының әскери комиссия басшысының орынбасары болып тағайындалғаннан кейін Ким Чен Ун Солтүстік Кореяның әскери саясатын анықтауға әсер ету мүмкіндігін алып отыр.
Оған қоса, Ким Чен Ирдің апайы - Ким Ген Хи ханымның Еңбек партиясының Орталық комитетіндегі өз орнын сақтап қалғаны да мәлім болды.
Соңғы кезде, 68 жастағы Ким Чен Ирдің жасы 30 толмаған Ким Чен Унды өзінің мұрагері етіп тағайындау ықтималдығы туралы әңгімелер жиі айтылды. Соңғы екі күнде орын алған оқиғалар, сарапшылардың пікірінше, осы пайымдауды растап отыр.