Ким Чен Намның өліміне қатысты күдіктілер саны артуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намның неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Токсикологиялық сараптама нәтижесі де әзірге дайын емес. Бұл туралы Малайзия ұлттық полициясы басшысының орынбасары Нур Рашид Ибрахим мәлімдеді, деп хабарлайды euronews.com .

 14 ақпанда көз жұмған. Ер адам Куала-Лумпур әуежайында өзін жайсыз сезініп, ауруханаға барар жолда қайтыс болды. КХДР мәйітті солтүстіккорейлік тарапқа беру туралы ресми өтінім жіберді. Алайда марқұмның отбасынан ешқандай өтініш түспеді. Малайзия полициясына Ким Чен Нам туыстарынан ДНҚ сынамаларын алу қажет.

«Жақын туыстары, аға-қарындастары, қыздары, жұбайы... Олар туыс екенін айғақтайтын дәлел келтіруі тиіс. Әлі күнге дейін марқұмның отбасы полциядан мәйітті сұраған жоқ», - деді полиция өкілі.

Тергеу аясында төрт күдікті ұсталды: екі әйел (вьетнамдық пен индонезиялық) және екі ер адам (малайзиялық, солтүстіккорейлік). Малайзия құқық қорғау органдары Солтүстік Кореяның тағы төрт азаматының қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Олар оқиға болған күні Малайзиядан кетіп қалған.