Ким Чен Ын ядролық арсенал мен барлау спутниктері флотын дамытуға бұйрық берді

Фото: Фото: Yonhap

Корея Еңбек партиясының Бас хатшысы Орталық Комитет пленумында қазіргі заманғы соғыс ерекшеліктеріне сәйкес ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың барлық түрін және қуатты радиоэлектрондық соғыс жүйелерін жасау мен өндірудің маңызын атап өтті. Kazinform агенттігі бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Солтүстік Корея келесі жылы тағы үш барлау спутнигін ұшыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Кореяның жұмысшылар партиясы ОК отырысында мәлімдеді. Ол АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның үшжақты ынтымақтастығын сынап, оның «Корея түбегіндегі жағдайды қауіпті жағдайға апарып соғатынына» сенім білдірді.

21 қарашада Солтүстік Корея «Маллигён-1» алғашқы барлау спутнигін ұшырды. 2 желтоқсанда КХДР барлау спутнигін пайдалану басқармасы жұмысқа кірісті. Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлағандай, «Маллигён-1» өз миссиясын 1 желтоқсанда толықтай орындай бастайды. Сынақ операциясы аясында спутник Ақ үйдің, Пентагонның, сондай-ақ АҚШ, Корея Республикасы және Жапониядағы бірқатар әскери нысандардың суреттерін жіберді.

Сондай-ақ Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның ядролық арсеналын көбейтуге бұйрық берді. Оның атап өтуінше, 2024 жылы ядролық қаруды өндіру жоспарын жүзеге асыру үшін «қажырлы күрес басталатынын» және жаппай қырып-жою қаруының осы түрін өндіруді дәйекті түрде арттыруға мүмкіндік беретін «сенімді негіз құрылады».