Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды.
«Бүгін кешке АҚШ-тың бірінші ханымы және мен коронавирусқа тест тапсырдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауды бастап кеттік. Біз бұны бірге еңсереміз!» - деп жазды президент Twitter -де.
Кейін коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп тікұшақпен әскери госпитальға жеткізілді.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.