Ким Чен Ын қарындасын жоғары қызметке тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынаның кіші қарындасын ОК партияның саяси бюросы мүшесінің орынбасары қызметіне тағайындады, деп жазады AFP агенттігі.

28 жастағы Ким Е Чжон Пхеньянда өткен Еңбек партиясының жиынында жоғары қызметке тағайындалды.

Бұл қызметке дейін ол партияның ақпараттық қызметтерімен айналысып келді. Ол соңғы уақытта КХДР басшысының жанынан табылып, маңызды шараларда онымен бірге жүрді.

Еске сала кетейік, Ким Чен Ын билікке әкесі өлгеннен кейін 2011 жылы желтоқсан айында келген болатын.