Ким Чен Ын зымыран оқтұмсығы өндірісін ұлғайтуды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР басшысы Ким Чен Ын баллистикалық зымыранға арналған оқтұмсық пен қатты отынды зымыран қозғалтқышы өндірісінің көлемін ұлғайту керек деп есептейді. Ким Чен Ын бұл пікірді Ұлттық әскери ғылым академиясы жанындағы химия материалдарын ҒЗО барған кезде айтты, деп хабарлайды ТАСС.

«Елдің жоғары әскери қолбасшысы  институтқа көмірсутек материалдарын пайдалана отырып, қатты отында зымыран қозғалтқыштарын және баллистикалық зымыранға арналған оқтұмсықты шығару көлемін арттыруды тапсырды», -  деп жазады агенттік.

Ким Чен Ын институттағы өндірістік процестермен танысып, қызметкерлердің жұмыстарына жоғары баға берді.

Айта кетейік, Солтүстік Корея  өздерінің зымыран-ядролық бағдарламасын белсенді дамытып келеді. Пхеньян маусым айында екі рет баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген болатын.