Франциялық БАҚ мәліметтері бойынша, алты адамның бірі - әйел, ал тағы бірі - қылмысты ұйымдастырған адам.
Бұған дейін тағы 4 адамға осы қылмыс бойынша айып тағылған.
Еске сала кетейік, Ким Кардашьянды өткен жылдың қазан айында Парижге сапары кезінде тонап кеткен. Бетперде киген қарулы адамдар оның пәтеріне басып кіріп, құны 9,5 млн доллар тұратын әшекей бұйымдарын қолды еткен.
36 жастағы Ким Кардашьян-Уэст «Кардашьяндар отбасы» атты телешоуы арқылы танымал болған тележүргізуші.