«Неше қазақстандықтың меншігінде жеке яхта, ұшақ, қымбат көлік бар екені туралы мәліметті сіздерге беріп отырмыз. Сән-салтанат салығы да осы санатқа салынады. Сән-салтанат салығы қымбат арақ-шарапқа да қолданылады. Біз оның мөлшерін 1000 есе көтереміз», - дейді Әлібек Қуантыров.
Министр сөзіне нақты мысал да келтірді.
«Елестетіп көріңіз, мысалы, 10 жыл сақталған Macallan-ның құны - 7 млн теңге. Оның қазіргі акцизі - 700 теңге. Біз ол акцизді 10 есе көтеріп, өз құнының 10 пайызын салығына қосамыз. Сән-салтанат салығы халықтың ішінде үлесі сонша көп емес белгілі бір таптағы адамдарға ғана қатысты», - деді министр.