Қымбат темекіге де байлық салығы салынуы мүмкін
17:59, 20 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық экономика министрлігі кеден және салық саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағнаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жаңа Салық кодексін таныстыруға арналған іс-шарада байлық салығының ішімдік пен темекіге қатысты мөлшерлемесі қандай болатынын айтты.
«Сондай-ақ, қымбат темекі, қымбат алкогольдік өнім деген сияқты акциздік өнімдер бар. Егер темекінің бір данасы 10 мың теңгеден қымбат болса, салығы акциз түрінде 10 пайызға жоғары төленеді. Ал қымбат алкогольдің 1 литрі жарты миллион теңгеден асса, акциз түрінде 10 пайыз жоғары төлейді», - деді министрлік өкілі.