КИМЭП Университеті Қазақстанда алғашқы болып өз бағдарламаларына Халықаралық агенттіктерден толық аккредитация алды

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - КИМЭП Университеті бакалавриат және магистратураның барлық бағдарламалары (іскер әкімшілдік, құқықтану, шетел тілі, халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару, журналистика және экономика) бойынша халықаралық аккредитация алу жетістіктерімен өз жылын табысты аяқтады.

Бұл туралы КИМЭП Университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аккредитацияны Австрияның көптеген жоғары білім мекемелерінің сапасын қамтамасыз ету үшін жауапты Австрия үкіметі құрған AQAAA агенттігі берген. Агенттікті Еуропа жоғары білім кеңістігінің білімдік бағдарламаларын аккредиттеу үшін Еуропа Одағы аккредиттеген және ол ҚР Білім және ғылым министрлігі таныған саны жағынан көп емес халықаралық аккредиттеу агенттігінің бірі болып табылады.

Осы табыс КИМЭП Университетінің дәрежелі білімдік бағдарламаларының озық әлемдік практикаға жауап беретін халықаралық деңгейде танылғанын білдіреді.

Бұл бағалы жетістік КИМЭП Университетінің табыстар топтамасының тек соңғысы ғана. Соңғы жыл ішінде Бэнг атындағы бизнес факультеті және Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы Австралияда орналасқан Азия бизнес білім форумының халықаралық аккредитациясын, ал сонымен қатар Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы халықаралық іскер әкімшілдік саласында аккредиттеу неміс федерациясынан халықаралық аккредиттеу алды. Бұдан басқа, КИМЭП мемлекеттік басқару саласындағы бакалавриат және магистратура бағдарламалары мемлекеттік басқару бағдарламаларын аккредиттеу бойынша еуропалық агенттіктен толық аккредитация алса, журналистика және БАҚ саласындағы бакалавриат және магистратура бағдарламалары Америка коммуникациялар бойынша ассоциациядан аккредитация алған.

Алған аккредитацияға қосымша жақында КИМЭП Университетінің бағдарламаларын қазақстандық рейтингтер атап өтті. Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәуелсіз агенттік рейтингісінде КИМЭП Университеті Қазақстандағы «ең үздік гуманитарлық-экономикалық университет» номинациясын алса, Білім және ғылым министрлігінің Болон орталығы бухгалтерлік есеп және аудит, экономика және мемлекеттік басқару бағдарламаларын еліміздегі ең үздік бағдарламалар деп бағалады. Ғаламдық ауқымда, яғни халықаралық танылған рейтинг агенттігі испандық Киберметрика лабораториясының бағалауына сәйкес КИМЭП Университетінің Бэнг атындағы бизнес факультеті дүниежүзінің ең үздік бизнес мектебінің тізімінде 112 орынды алды.

КИМЭП Президенті д-р Чан Йан Бэнг былай деп атап өтті: «Осыдан жиырма жылдан аса уақыт бұрын, ұлы мәртебелі, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда әлемдік деңгейдегі білім беру мақсатымен КИМЭП-тің негізін қалады. КИМЭП Университетінің барлық бакалавриат және магистратура бағдарламаларын AQAAA-ның аккредиттеу шешімі президенттің жалпы көзқарасының орындалғандығының тағы бір айғағы болып табылады».