Конференция еліміздің 2010 жылы наурызда Еуропа Жоғары білім аймағына (EHEA) енуіне байланысты Қазақстанда еуропалық білім стандарттарын енгізу жөніндегі шаралар аясында өтпек.
«EHEA-ға кіру қазақстандық жоғары оқу орындарына демократия мен академиялық еркіндікке негізделген білімнің үлкен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады» делінген хабарламада.
Шараның мақсаты - Болонья процесіне ену жоғары оқу орындары үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы оқу орындарының басшыларын, әкімшілер мен академиктерді практикалық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Болонья процесі - біріңғай еуропалық жоғары білім беру кеңістігін жасау мақсатымен Еуропа елдеріндегі жоғары білім беру жүйесін жақындастыру әрі үйлестіру үдерісі. Процестің ресми басталған күні Болон декларациясына қол қойылған 1999 жылғы 19 маусым болып қабылданған.
КИМЭП Университеті Қазақстанда еуропалық білім стандарттарын енгізу шаралары топтамасының аясында аталмыш конференцияны екінші рет өткізіп отыр. 2012 жылғы наурызда өткен алғашқы конференция Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының 120 өкілін бірге жинап, үлкен қоғамдық көзқарасқа ие болды.
Конференция кезінде жоғары оқу орындарының ректорлары үшін арнаулы сессия өткізіледі, оны Бизнес басқару бойынша халықаралық бағдарламаларды аккредиттеу қорының өкілі, еуропалық сарапшы доктор Хайнс-Ульрих Шмидт /FIBAA, Германия/ жүргізетін болады.