Кімге қарсы екендігін білмеймін, бірақ Головкин жыл соңына дейін бір жекпе-жек өткізеді - Санчес

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC и IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес өз қарамағындағы боксшының кезекті қарсыласының кім екендігін айтуға қиналды, деп жазады vesti.kz.

«Біз де, жанкүйерлер де оның болғанын қалағанымызбен өтуі неғайбіл.

Дэниэл Джейкобс  міндетті болып саналады және  WBA  арасында бұл жөнінде жазылған да. Мен бұл айқастың өтетіндігін білмеймін. Бәрін Том Лефллер мен ағайынды Германн шешеді.  Билли Джо Сондерстің айтуынша,  Головкинмен жекпе-жектің алдына қазан айында оның жоспарлаған бір кездесуі бар.

Менің білетінім, жыл соңына дейін бір айқас өткіземіз. Мүмкін қарашаның аяғына таман, мүмкін желтоқсанның басында, бірақ кімге қарсы екендігін білмеймін»,-деп мәлім етті Санчес On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында.