ҚАУІПТІ ҚАТЫНАС (Опасные отношения)
Жанры: атыс-шабыс, комедия, триллер
Ұзақтығы: 105 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Йорма Такконе
Ерлі-зайыптылар тынығып, уақытты бірге өткізу үшін оңаша лашыққа келеді. Алайда жайлы демалыс көп ұзамай қауіпті оқиғаға ұласады. Себебі олардың әрқайсысы серігінен құтылуды жасырын жоспарлап жүрген болып шығады. Бірақ үйге қарақшылар басып кірген кезде, екеуі де аман қалу үшін күш біріктіруге мәжбүр болады. Осылайша олардың қарым-қатынасы күтпеген сынаққа тап болады.
ӨШ 2: ҚАРЫНДАС
Жанры: драма, триллер
Ұзақтығы: 89 минут
Ел: Қырғызстан, 2026
Режиссер: Илгиз Куватбек, Шамилбек Бекболсун уулу
2000 жылдардың басында шалғай қалада көше қылмысын бақылауда ұстайтын Мақсаттың қарындасын ұрлап кетеді. Бұл оқиға оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Байланыс пен ақша билеген қалада Мақсат әділдікке жетудің өз жолын таңдауға мәжбүр болады. Фильм – кек алуға бел буған бауырдың қарындасын құтқару жолындағы күресі туралы хикая.
ЖДУН 2
Жанры: комедия, қиял-ғажайып, отбасы
Ұзақтығы: 98 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Дмитрий Суворов
Ждун есімді ғарыштық кейіпкердің шытырман оқиғасы жалғасады. Бұл жолы ол Жерге қайта оралып, жазғы лагерде демалып жүрген досы Никитаны күтіп тұрған қауіп туралы ескертуге келеді. Ғарыштағы зұлым күштер Жерге шабуыл жасауды жоспарлап жүр. Егер олардың ойы жүзеге асса, бұл жер тұрғындары үшін үлкен апатқа айналуы мүмкін. Никита достарымен бірігіп, күтпеген қонақтарға қарсы тұруға мәжбүр болады. Оларды қауіпті жолдар, айлакер тұзақтар мен тосын кездесулер күтіп тұр.
ҚОЙЛАРДЫҢ ТЕРГЕУІ (Следствие ведут овечки)
Жанры: детектив, комедия, қиял-ғажайып
Ұзақтығы: 109 минут
Ел: Ирландия, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, 2026
Режиссер: Кайл Балда
Бұл тапқыр детектив хикаясының басты кейіпкері – Джордж есімді қойшы. Ол әр кеш сайын сүйікті қойларына детективтік романдар оқып береді. Алайда бір күні фермадағы тыныш тіршілікті жұмбақ оқиға бұзады. Сол сәттен бастап қойлар өздерінің де нағыз детектив бола алатынын түсінеді. Олар түрлі іздерді зерттеп, құпия оқиғалардың шешімін табуға кіріседі. Осылайша қойлар да тапқыр із кесуші бола алатынын дәлелдеуге тырысады.
ОНО. ЗҰЛЫМДЫҚ ҮЙІ (Оно. Дом зла)
Жанры: қорқыныш
Ұзақтығы: 105 минут
Ел: Канада, 2025
Режиссер: Брэндон Кристенсен
Екі полицей тұрмыстық дауды тергеуге келеді. Тергеу барысында жазатайым оқ атылады. Жұрттың сынынан кескенген полицейлер болған жағдайды жасырып қалуға тырысады. Бірақ оларды камералардан да өзге аңдып тұрған нәрселер бар еді.
MANGYSHLAQ EXPRESS. ПОЙЫЗДАҒЫ ПАНИКА
Жанры: Комедия
Ұзақтығы: 80 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Мақсат Оспанов
Шолпан – айналасындағы адамдарға үнемі жақсылық жасауға тырысатын, тым жұмсақ әрі көнпіс, пойыз жолсерігі болып жұмыс істейтін қыз. Оның әркімге ұнауға тырысатын мінезі талай рет өзіне зиянын тигізген. Күндердің бірінде Шолпан досына көмектесу үшін оның орнына Алматы – Маңғышлақ бағыты бойынша жүретін рейске жолсерік болып шығуға келіседі. Оның вагонына әртүрлі жолаушылар мінеді: қылмыскерді алып бара жатқан полицейлер, шетелдік туристер, демобилизацияланған сарбаз, қарт әйел, балалы отбасы, шулы музыканттар және Думан есімді жігіт. Сырттай қарағанда бұл – қарапайым сапар сияқты көрінеді. Алайда көп ұзамай Шолпан жолаушылардың арасында қызметін тексеріп жүрген жасырын ревизор бар екенін біледі. Кім ревизор екенін анықтауға тырысқан Шолпан өз бетімен тергеу жүргізе бастайды. Бірақ біртіндеп ол күткенінен әлдеқайда қауіпті құпияларға тап болады. Пойыздағы сапар шиеленіскен, оқиғаларға толы авантюралық ойынға айналып, әр жолаушы тағдырын өзгертетін оқиғаларға араласады.
КҮТПЕГЕН БАЙЛАНЫСТАР 2 (Неожиданные связи 2)
Жанры: комедия
Ұзақтығы: 91 минут
Ел: Франция, 2026
Режиссер: Жюльен Эрве
Алиса мен Франсуаның үйлену тойы алдында генетикалық тест нәтижесі олардың әкелерінің шығу тегіне қатысты күтпеген құпияны ашады: екеуінің де тамыры Франциядан тыс жерлерге барып тірелетіні белгілі болады. Бұл жаңалықтан есеңгіреген ер адамдар өз отбасыларының тарихын зерттеуге кіріседі.
ЖЫРТҚЫШПЕН АЙҚАС (Бой со зверем)
Жанры: боевик, драма, спорт
Ұзақтығы: 114 минут
Ел: АҚШ, Австралия, 2026
Режиссер: Тайлер Эткинс
Октагоннан ұзақ жылдар бойы алыста болған MMA-ның бұрынғы чемпионы Пэттон Джеймс бауыры үшін кек алу мақсатында кәсіби спортқа қайта оралуға мәжбүр болады. Бір кездері оны аңызға айналдырған жаттықтырушысымен қайта қауышқан ол соңғы жекпе-жекке бел буады – әлемнің көз алдында Джеймсті жойып жіберуге дайын тұрған қазіргі чемпионмен қатал айқасқа түседі. Шегіне жеткен Пэттон бұл жолы тек оның өмірі ғана емес, бүкіл мұрасы да сынға түсіп тұрғанын түсінеді.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.