Кино-концерт залында құрастыру жұмыстары кезінде түрік жұмысшысы 6 метр биіктіктен құлап қалды

АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат - Елордада салынып жатқан «Кино-концерт залында» құрастыру жұмыстары кезінде түрік жұмысшысы 6 метр биіктіктен құлап қалды,

деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз   қызметінен.

Оқиға   дүйсенбі, қарашаның 23-інде,  сағат  15.00-терде   орын  алды.  Зардап шеккен  түріктің «МОБ» фирмасының  21 жастағы жұмысшысы    жарақатпен  ауруханаға түсті.