Кино тарихындағы ең үздік комедиялар анықталды
17:02, 23 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кино тарихының барлық кезеңдеріндегі ең үздік 100 комедия анықталды, деп хабарлайды 52 елдің 253 сыншысы сауалнамасының нәтижесіне сілтеме жасаған «Би-би-си».
Олардың ішінде бірінші орында Мэрилин Монро, Тони Кертис және Джек Леммонмен «В джазе только девушки» фильмі (1959).
Екінші орында - Стэнли Кубриктің «Доктор Стрейнджлав, или Как я научился не волноваться и полюбил атомную бомбу» (1964).
Одан кейін Вуди Алленің «Энни Холл» (1977) мен Билл Мюрренің «День сурка» (1993) туындысы.