Кино жаңалықтары: отандық алғашқы боевик жарық көрді

АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада отандық кино тағы екі жаңа туындымен толықты. Көрерменге үш маусым бойы телехикая ретінде танылған «Бажа» енді толықметражды фильм ретінде үлкен экранға шықты. Ал «Шымыр» атты кино туынды көрерменге отандық боевик ретінде жол тартты. Бұл Қазақстанда түсірілген алғашқы экшн-фильмдердің бірі.

Коллаж: Kazinform / Kinopoisk.ru

Қазан айының соңғы аптасында кинотеатрларда түрлі жанрдағы оннан астам фильм мен мультфильмнің тұсауы кесілді. Kazinform тілшісі аптадағы кино жаңалықтарына шолу жасайды.

Бажа кинода

Жанры: комедия

Ұзақтығы: 100 минут

Ел: Қазақстан, 2026

Режиссер: Олжас Нұрбай

Баха, Муха және Толик атты үш бажа күнделікті өмірлерін сүріп жүреді: жұмыс, қаңғыру және бітпейтін«шаруалар». Жылдар бойғы отбасылық өмір мен күнделікті күйбең тіршіліктен олардың жұбайларымен арадағы қарым-қатынасы суи бастайды. Күйеулерінің бұндай әрекеттерінен шаршаған үш апалы-сіңлі тәуіпке жүгініп, жұбайларының өзгеруін тілейді. Алайда көп ұзамай «мінсіз күйеу» бақытты отбасының кепілі емес екендігі белгілі болады. Ал кейде ең қауіпті тілек – орындалған тілек.

Шымыр

Жанры: боевик, экшн

Ұзақтығы: 90 минут

Ел: Қазақстан, 2026

Режиссер: Анвар Матжанов

Шымыр тракторға қосалқы бөлшек алу үшін қалаға келіп, әскердегі досы Елдостың үйінде тұрақтайды. Алайда көп ұзамай ол ықпалды қылмыстық топпен қақтығысқа тап болады. Шымыр әділетсіздікке көз жұма алмай, қылмыскерлерге қарсы күреске араласады. Жауынгерлік тәжірибесіне сүйенген ол күш пен ақшаға сенген қарсыластарына қарсы тұрады.

Де Голль. 2-бөлім. Бостандық, (Де Голль. Часть 2. Свобода)

Жанры: өмірбаян, әскери драма, тарихи фильм

Ұзақтығы: 157 минут

Ел: Франция, 2026

Режиссер: Антонен Бодри

1940–1945 жылдары Франция армиясының офицері Шарль де Голльдің әскери жолы мен саяси мансапқа қадам басуы.

Ара ұясының ашуы, (Гнев улья)

Жанры: криминалды триллер

Ұзақтығы: 130 минут

Ел: АҚШ, Ұлыбритания, 2026

Режиссер: Эндрю Паттерсон

Ара шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер Амзая бір кездері асырап алған балаларынан айырылып қалған еді. Арада көп жыл өткен соң ол қызы Катиримен қайта табысады. Әкелі-қызды екеуі отбасылық кәсіпті дамытуға кіріседі. Алайда бұл істің сырт көзге көріне бермейтін қауіпті қырлары бар болып шығады.

Жоғалған уақыт туралы ертегі, (Сказка о потерянном времени)

Жанры: шытырман оқиғалы, балаларға арналған фильм

Ұзақтығы: 90 минут

Ел: Ресей, 2026

Режиссер: Андрей Никифоров

Петя, Маруся мен Васяның мектептегі қарапайым күні күтпеген оқиғаға ұласады. Балалардың уақытын босқа өткізуін пайдаланған үш қарт сиқыршы олардың минуттарын ұрлап, жастығын қайтармақ болады. Бірақ сиқырлы құрылғыны қолданғанда қателік жіберіп, өздері балаға айналады, ал оқушылар бір сәтте қартайып кетеді. Енді бәрін бұрынғы қалпына келтіру үшін олар күн батқанға дейін сиқырды жою керек. Бұл шытырман оқиға балаларға уақыттың әр сәтін бағалаудың қаншалықты маңызды екенін ұқтырады.

Кит: Теңіз тұңғиығындағы түнек, (Кит: Во тьме глубин)

Жанры: драма, триллер

Ел: АҚШ, 2026

Режиссер: Брайан Даффилд

Калифорнияда жас сүңгуір Джей Гардинер мұхит түбінен әкесінің сүйегін іздеп жүріп, алып кашалотқа жұтылып кетеді. Оның оттегі қоры бір сағатқа ғана жетеді. Осы уақыт ішінде киттің ішінен шығудың амалын табуы керек. Өмір үшін арпалысқан Джей қорқынышын жеңіп, әкесінің рухынан күш алады.

Кешкі қоңырау, (Вечерний звонок)

Жанры: мелодрама

Ұзақтығы: 100 минут

Ел: КСРО, 1970

Олег Борецкийдің киноклубы «Кездейсоқ кездесу» тақырыбын жалғастырады. Өміріміздегі маңызды адамды жолықтырудың рөлі қандай? Тағдырымыз өз таңдауымызға қаншалықты байланысты? Тіпті, дауысын ғана естіп, қиялымызда бейнесін қалыптастырған адамға ғашық болу мүмкін бе?

Леверенц. Құдіретті түнек, (Леверенц. Божественная тьма)

Жанры: деректі фильм, өмірбаян, өнер

Ұзақтығы: 70 минут

Ел: Швеция, 2024

Режиссер: Свен Блуме

Сигурд Леверенц — әлемге танылған швед сәулетшілерінің бірі. Оның тың шешімдері өз заманынан озық болды. Бүгінде ғимараттары заманауи сәулет үлгісі ретінде бағаланады, ал еңбектері сәулетшілерді даярлау бағдарламасына енген. Ол құрылыс жүйелерін терең меңгеріп, жобаның әр бөлшегіне дейін өзі қадағалаған. Сол себепті оны кейде «скандинавиялық Гауди» деп атайды. Бұрын жарияланбаған архивтік бейнежазбалар мен аудиоматериалдар қамтылған бұл деректі фильм сәулетшінің өмірі мен ең маңызды туындылары туралы баяндайды.

Фьорд

Жанры: драма

Ұзақтығы: 146 минут

Ел: Норвегия, Румыния, Швеция, Финляндия, Дания, Франция, 2026

Режиссер: Кристиан Мунджиу

Норвегияның фьорд жағасындағы шағын ауылға Румыниядан бір отбасы көшіп келеді. Олар жергілікті тұрғындармен тез тіл табысады. Екі отбасының балалары да жақын досқа айналады. Алайда румын қызы мектепке денесінде көгерген іздермен келгенде, ауылдың тыныштығы бұзылып, ел арасында күдік пен үрей тудыратын әңгімелер тарай бастайды.

Қозы Шон мен Түкті құбыжық, (Барашек Шон и Чудище Лохматое)

Жанры: комедия, мультфильм, отбсылық

Ұзақтығы: 91 минут

Ел: Ұлыбритания, 2026

Режиссер: Стив Кокс, Мэттью Уокер

Мосси-Боттом фермасында үлкен мәселе туындайды. Олақ фермер асқабақтың бүкіл өнімін құртып, қаладағы мерекені өткізуге кедергі келтіреді. Қозы Шон жағдайды түзету үшін ғылымның көмегіне жүгінеді. Бірақ тәжірибесі сәтсіз аяқталып, фермер жоғалып кетеді. Ал орманда түкті құбыжық пайда болады. Енді Шон, Битцер иті мен қойлар ферманы құтқарып, құбыжықтың сырын ашуы керек.

Жыртқыштың айналымы, (Цикл зверя)

Жанры: мистикалық хоррор

Ұзақтығы: 118 минут

Ел: Ұлыбритания, 2026

Режиссер: Джордан Дауни

Сот антропологы Мэг Гарланд өлілердің құпиясын ашуға дағдыланған. Алайда жаңа іс оны өз өткеніне қайта оралуға мәжбүр етеді. Әкесі із-түзсіз жоғалғаннан кейін қырық жылға жуық уақыт өткенде, оның мәйіті қатыгез кісі өлтіру оқиғасы болған жерден табылады. Бірақ өлімнің мән-жайын ақылға салып түсіндіру мүмкін емес. Тергеу барысында Мэг әкесінің өзімен бірге көрге ала кеткен сұмдық құпиясына тап болады.

Синистер. Өлілер үйі, (Синистер. Дом мёртвых)

Жанры: хоррор

Ұзақтығы: 106 минут

Ел: Индонезия, 2026

Режиссер: Бобби Прасетьо

Тари қызымен бірге ескі үйді ретке келтіру үшін көшіп келеді. Бұған дейін бірнеше риелтор үйді сатуға тырысқанымен, ешқайсысының қолынан келмеген. Жұрт бұл үйді қарғыс атқан деп санайды. Өйткені мұнда қоныстанған жын күшіне мінген әлсіз жандарды билеп-төстеп, әсіресе балалардың жанын торуылдайды. Қызын құтқарып, жыннан арылу үшін Тари өлілер әлеміне аттануға мәжбүр болады.

Соңғы қарғыс, (Последнее проклятие)

Жанры: ужас

Ұзақтығы: 94 минут

Ел: Жапония, Тайвань, 2025

Режиссер: Кэнъити Угана

Сұлулық салонының әкімшісі Рико құрбысы Шу-Фэньнің әлеуметтік желідегі жазбаларынан күмәнді жайттарды байқайды. Бірнеше адамның жұмбақ жағдайда қаза табуынан кейін ол Тайваньға аттанады. Сол жерде бұрынғы жігітімен және Шу-Фэньнің әпкесімен бірге ел ішін дүрліктірген қорқынышты оқиғалардың сырын ашуға кіріседі.

Аңдар аламаны, (Зверодвиж)

Жанры: анимация, шытырман оқиға, балаларға арналған фильм

Ұзақтығы: 79 минут

Ел: Қытай, 2025

Режиссер: Гу Яньмей, Ван Юнцзянь

Джи мен Нави уақыт машинасын тауып алады. Ал Навидің әкесі, аты аңызға айналған жүйрік Галуны құтқару үшін таңғажайып сапарға аттанады. Оларды суасты әлемі, жыртқыш аңдар мен динозаврлар дәуірі күтіп тұр. Алдарынан түрлі тұзақтар кездесіп, бастарынан қызықты оқиғалар өтеді.