Кинология орталығы «Сенім» медорталығының балаларына канистерапия сабағын өткізді

Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинология орталығы «Сенім» медициналық-әлеуметтік орталығының балаларына арнап канистерапия сабағын өткізді. 

Іс-шара барысында балаларға қызметтік иттердің дағдылары көрсетіліп, моториканы және эмоционалдық өзара әрекеттестікті дамытуға арналған интерактивті ойындар ұйымдастырылды.

Айта кету керек, Кинология орталығы мен «Сенім» орталығы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық 2023 жылдан бері жалғасып келеді.

Қызметтік иттердің жұмысы балаларда әрдайым ерекше қуаныш пен қызығушылық тудырады.

Бұл кездесуден тек балалар ғана емес, біздің төрт аяқы серіктестеріміз де жақсы әсер алды.

Еске салсақ, бұған дейін Елордада Astana Winner – 2025 халықаралық иттер көрмесі және «Қазақы тазы» монотұқымды көрмесі өткенін жазған едік.