Мұндай тұжырымға Аалто университетінің қызметкерлері келді. Олар кино көріп отырғанда адамның миын дер кезінде бақылауға мүмкіндік беретін жылдам әдіс ойлап тапты, деп жазады Росбалт. Бұған дейінгі ғылыми зерттеулерде суреттер мен сызбалар пайдаланылған екен. Алғаш рет фильмдерді пайдаланып жасалған зерттеуде, кино мидың көп деңгейлі болып өзгеретінін көрсетті. Әрекеттің қиындығына қарамастан, түрлі адамдардың миының белсенділік кестесі бір-біріне ұқсас болып келетіні анықталды.
Алғашқы визуалдық әрекеттің қорытындысынан олардың қимылы мен қозғалысының біркелкі болатыны байқалған. Ғалымдардың айтуынша, мұның барлығы киноның мазмұнына тікелей байланысты.