Кинопремьералар: кинотеатрларда қандай фильмдер көрсетіледі
АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа киноапта басталысымен көрермендерді елдің барлық кинотеатрында қызықты премьералар күтіп тұр. Kazinform агенттігінің тілшісі ұсынған материалдан алдағы күндері қандай фильмдерге назар аудару керектігін біле аласыздар.
«Супермен»
Кларк Кенттің Супермен ретінде Жерде бірнеше жыл өмір сүріп келе жатқанын баяндайтын туынды. Бұл – классикалық туындының жаңаша нұсқасы. Кино көрерменге ересек Суперменнің өзге ғаламдық болмысы мен Смолвиллде алған адамдық құндылықтар арасындағы тепе-теңдікті іздеуі туралы оқиғаны ұсынады.
«Кунг-фу мысық»
Отбасылық фэнтези. Бір кездері ұлы қолбасшы мен оның адал досы – сөйлей алатын мысық иық тірестіре шайқасқан. Алайда зұлым күш иелерінен жеңілген соң, генерал жоғалып, мысық қуғынға ұшырайды. Жылдар өте, императордың ұлы қауіпке тап болғанда, Кунг-фу мысық жаңа одақтастарымен бірге зұлым сиқыршыға қарсы тұрып, әлемді құтқаруға бет алады.
«Шыңғыс хан»
Әлемдегі алғаш рет жасалған толықметражды көркем фильм. Мыңжылдықтың ұлы қолбасшысы – Шыңғыс ханның өмірін баяндайтын туынды заманауи технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен жасалған. XIII ғасырдың бейнесін дәл жеткізу үшін нейрожүйелер тарихи материалдармен арнайы оқытылған.
«Бөгде біреу» (француз триллері)
Анасының қазасынан кейін балалық шағы өткен үйге оралған Элис есімді қыздың оқиғасы. Үйде ол жасырын камераларды байқайды – біреу әр қадамын бақылап отыр. Уақыт өте келе қыз қорқынышты құбылыстарға тап болады. Өткеннің құпиясын ашқан сайын, ол өзінің отбасы мен жұмбақ зұлым күштің байланысын біледі.
«Ертегілер қаласының ханшайымы»
13 жастағы Далия – арманы жазушы болу. Бірде әкесінің жұмыс бөлмесінде жазылмай қалған кітапты тауып, соған жанасқан сәтте ертегі әлеміне тап болады. Онда ол – басты кейіпкер. Шын өмірге оралу үшін ол 12 сағат ішінде сиқырлы бұлақты тауып, тарихты қайта жазуы керек. Оның серігі – сөйлейтін теке, бала кезінде әкесінің қиялынан туған ойыншық.
«Плагиатшы»
30 жастағы Егор – караоке-барда ән салып жүрген жігіт. Үлкен сахна мен сүйіктісі Юляға қол жеткізгісі келеді. Бір күні ол шкафтың ішіндегі құпия портал арқылы 1991 жылға тап болады. Болашақ хиттерді пайдалана отырып, тез арада танымалдық пен байлыққа кенеледі. Бірақ өткенге араласу қазіргі өмірге күтпеген өзгеріс алып келеді. Енді ол қиын таңдау алдында: атақ пен махаббат, адалдық пен жетістік.
Қай жанрда болмасын – суперқаһарманнан бастап, отбасылық ертегі немесе тарихи драма болсын – бұл аптада әр көрермен өзіне лайықты фильм таба алады.