«Жалпы кинотеатрлардың жұмысын жандандыра алатындай мәселелерді пысықтап жатырмыз. Жағдайды бағалап, тиісті орындармен ұсыныстарды талқыладық. Театрлар секілді олардың да (кинотеатрлардың) жұмысына рұқсат беру бойынша нақты ұсыныстар бар. Қазір бұл мәселе шешілуде», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Сондай-ақ министр, бұл ретте мәселен ұшаққа неліктен рұқсат берілгенін, неліктен кинотеатрлардың жұмысына әлі де шектеу барын түсіндірді.
«Көлік – күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі іспеттес. Бір аймақтан екіншісіне барар кезде адамдар әртүрлі мақсатты көздеп, емделу үшін де ары-бері жүруі мүмкін. Сондықтан біз бұл ретте көліктің маңызы жоғары деген (кинотеатрдан) қағидатқа сүйенеміз. Ең бірінші көліктерге рұқсат берсек, содан кейін ғана ойын-сауық саласына мән беріледі», - деді ол.