Жарысқа түрлі мемлекеттерден 300 астам спортшы қатысты. Онда Киокушинкай каратэ республикалық ұлттық федерациясының Вице-президенті Сайранбек Әбілқайыров жетекшілік еткен Киокушинкай каратэ республикалық ұлттық федерациясының 3 спортшысы Әлішер Қарменов, Нұрлыхан Сәдуақасов, Никита Гарас ел намысын қорғады. Атап айтқанда, 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 16-17 жас санатында Әлішер Карменов ІІ орын алды, ал 65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 16-17 жас санатында Нұрлыхан Сәдуақасов III орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, жасөспірімдер арасындағы киокушинкай каратэден 7-ші Еуропа чемпионаты (IKO-1) (7th European Junior Championships Kyokushin Karate) «кумите» және «ката» бөлімдері Польшаның Катовице қаласында өтті.