Киотодағы студияға қасақана өрт қоюдан құрбан болғандар саны 23-ке жетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құтқарушылар Жапонияның Киото қаласындағы өртке оранған аниме студиясын тексеру кезінде тағы да 10 адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Бұғандейін 12 адамның мәйіті шығарылған. Сондай-ақ, 36 адам зардап шеккен, олардыңбіреуі ауруханада көз жұмды. Осылайшы өрт құрбандарының саны 23-ке жетті.

Жергілікті полиция мен құтқарушылардың дерегі бойынша, белгісіз біреу анимациялық студияның орталығына жанатын сұйықтық төгіп, сол жерде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:35-те өрт басталған. Мәйіттердің көбі Kyoto Animation Co. үш қабатты студиясының екінші қабатынан табылған. Өрт шыққан кезде 70-ке жуық адам жұмыс істеп жатқан.

Олардың кейбіреулерінің қайда кеткені әзірге белгісіз.

Келіптүскен ақпаратқа сәйкес, ғимаратқа қасақана өрт қойылған. Полиция оқиға орнындастудияның ішінде бензин немесе керосин төгіп, өртеген 41 жастағы ер адамдыұстады. Сондай-ақ, ғимаратта қылмыскерге тиесілі болуы мүмкін бірнеше пышақтабылған. Қазіргі таңда ер адамның беті және кеудесі күйіп, ауруханада жатыр.

KyotoAnimation компаниясының кеңсесі орналасқан үш қабатты ғимаратқа елеулі залалтиді. Жалынды жоюға 30 өрт сөндіру жасағы жұмылдырылды. Өрт бес сағаттасөндірілді, ғимараттың екінші және үшінші қабаттары қатты зақымданған.

Жапонияныңпремьер-министрі Синдзо Абэ бейсенбі күні қаза тапқандардың отбасыларына көңілайтып, өрт кезінде зардап шеккендерге тез айығып кетуге тілек білдірді.